"Алматы-Маңғыстау" пойызында спортшы балалардың ата-аналары шу шығарды
12.12.2022
Қоғам
5
"Алматы-Маңғыстау" пойызымен жарысқа бара жатқан спортшы балалардың ата-аналары пойызда шу шығарып, жылы вагон беруді талап етті. Олардың талабы орындалды, деп жазды Mangystaumedia.kz.
Кішкентай спортшылар ата-аналарымен бірге Алматыға тхэквандо жарысына бара жатқан. Вагон ескі, іші суық болғандықтан, ата-аналар шу шығарған. Маңғыстау станциясында пойызды тоқтатқан. Жаңа вагон беруді талап еткен.
Осы оқиғаға байланысты 10 желтоқсан күні "Алматы-Маңғыстау" пойызы 1 сағат 35 минутқа бөгеліп қалды."Біз пойызды тоқтаттық. Өйткені балаларымыз отырған вагонда ешқандай жағдай болмады. Жолсеріктің кінәсі жоқ. Біз балалардын денсаулығына алаңдадық. Жарысқа бара батыр ғой. Содан жаңа вагонды қосып берді", - дейді Сәдуақас Өтепов.