Алдағы 5 жылда жол сапасы 99%-ға жақсарады

-Қазіргі уақытта жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 96%-ды құрайды. Бұл ретте, өңірдегі ауылішілік жолдардың 68,6%-ы және қалалық жолдардың 23%-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Сондықтан партия автожолдардың сапасын жақсарту үшін 2027 жылға дейін бірқатар іс-шараларға ықпал етпек. Облыстық және аудандық маңызы бар 450 шақырым автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау, ұзындығы 250 шақырымнан асатын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу, Жаңаөзен қаласында және Мұнайлы, Маңғыстау, Бейнеу аудандарында кемінде 600 шақырым ауылішілік және қалалық құрылыс, реконструкциялау және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. Бұл шаралар 2027 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 96%-ан 99%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қанағаттанарлықсыз жағдайдағы ауылішілік жолдар үлесін 68,6%-дан 59,3%-ға дейін және қалалық жолдар үлесін 23%-дан 13,6%-ға дейін төмендетеді, -деп атап өтті Анар Шамшадинова.
