Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы кейінге шегерілді

04.09.2022 Қоғам
4
Қостанай облысындағы өртке байланысты Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар кейінге шегерілді. Бұл туралы «БОРТ N1» Telegram арнасына хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа өрт сөндіру жұмыстарымен танысу үшін барады», - делінген хабарламада.