7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған
30.04.2024
Қоғам
7
Астанада бюджет қаражатын жымқырған мектеп есепшілері сотталды.
Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады.
Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.