17 күн болды. Алматыда таныспағаны үшін қызды ұрып жыққан жігіт іздестіріліп жатыр

14.08.2023 Қоғам
5
Алматының орталығында белгісіз жігіт танысудан бас тартқан қызды соққыға жыққан. Бұл туралы жәбірленуші әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, оқиға осыдан 17 күн бұрын Сәтбаев көшесінде болған.

Жәбірленушінің айтуынша, полиция қызметкерлері түнде серуендегені үшін оның өзін аған.

Мен "істі тергеушіге беріңдер, олар әкімшілік емес, қылмыстық іс қозғасын" деп прокуратураға екі рет хат жаздым. Міне, біздің заң! 17 күн өтті, оны таппады... Жарайды, менің жағым сынбағанымен, психикамды бұзды ғой. Олар істі полицияға да, тергеушіге де бере алмайды. Себебі ол жерде камера жоқ, сондықтан оны таба алмайды, - деді бойжеткен.

Алматы ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Бұл дерек Бостандық ауданы ППБ-на тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатқанын департамент хабарлады.

Күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде. Жәбірленушінің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.

Arasha.kz

ФОТО: әлеуметтік желіден