Жеңіс Қасымбек: 55 зауыттың 15 іске қосылған
05.09.2019
БАРЛЫҚ ЖАНАЛЫҚТАР
3
Вице-прьемер Жеңіс Қасымбек Қытайдың Қазақстанда жүзеге асырып жатқан 55 зауыт жобасы туралы айтты.
"Осы 55 жобаның ішінде 3,9 миллиард долларға бағаланған 15 жоба ауыл шаруашылығы, металлургия, химия, мұнай-газ, көлік, логистика және басқа салаларда іске қосылды. Бұл 15 жоба аясында жаңадан ашылған 4 мыңға жуық жұмыс орнына тұрғандардың 95 пайызы – қазақстандықтар. Жалпы осы жобалар бойынша біз 20 мыңға дейін жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Тағы да қайталаймын, (Қазақстанға) басқа бір елден ешқандай ескі зауыт әкелінбейді дейді Ж.Қасымбек.
Вице-прьемердің сөзінше биыл жыл соңына дейін тағы 5 жоба іске қосылмақ. Барлық жобаның құны - 27 миллиард доллар.
Қытайдың Қазақстандағы жобаларына қарсылық Жаңаөзенде басталып, төрт қалада акция өткен еді. Бүгін Жаңаөзен мен Нұр-Сұлтанда тағы қарсылық акциялары өтіп жатыр.