150 адам қол қойған петицияда тұрғындар елдегі "Қытай жобаларын" жабуды талап еткен. Акцияға келгендердің бірі Нығметбай Ермахановтың айтуынша, тұрғындар президентке хатты 6 қыркүйекте egov арқылы жібермек.
- Біз Жаңаөзенді қолдаймыз! "Қытайдың 55 зауыты" - Қазақстанның болашағына төніп тұрған үлкен қауіп. Билік Қытай жобаларынан бас тартуы керек, - деді қала тұрғыны.
Өзін "Ақтамақпын" деп таныстырған әйел облыс әкімдігі жанындағы наразылық акциясына осымен үшінші күн қатарынан шығып тұр. Оның пікірінше, наразылық танытушылар Қытай халқына қарсы емес - Қазақстанның қазба байлықтарын талан-таражға салған ел билігіне қарсы.
Жергілікті билік пен күштік құрылым өкілдері 5 қыркүйек күнгі акцияны сырттай бақылап қана тұрды. Наразы топ екі сағаттан астам "Қытай экспанциясына жол жоқ!" , "Жаңаөзенді қолдаймыз!", "Оян, қазақ!" деп ұрандатты. Соңында патриоттық әндер айтып, 6 қыркүйек күні тағы да жиналмақ болып келісіп, тарасты.
Дереккөз: Азаттық
"Қытайдың 55 зауыты" - Қазақстанның болашағына төніп тұрған үлкен қауіп"
06.09.2019
БАРЛЫҚ ЖАНАЛЫҚТАР
3
Кеше кешке Ақтөбеде ондаған адам облыс әкімдігі алдындағы алаңға барып, "Қытай жобаларына" қарсылық білдірді, - деп жазады Азаттық.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жазылған петицияға қол қойып, президенттің Қытай сапарынан бас тартуын талап етті.