Владимир Зеленский Қазақстанға Украина елшісін тағайындады

Виктор Майко бұл қызметте дипломатиялық жанжалдан кейін кері шақырылған Петр Врублевскийдің орнын басты.

Украина Президенті Владимир Зеленский Виктор Майконы Қазақстан Республикасындағы Украина Елшісі – Төтенше және Өкілетті Елші етіп тағайындады.

Тиісті жарлық 7 сәуір күні мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды.

Бұған дейін Виктор Майко Украина елшісі ретінде Түрікменстанда қызмет еткен. Сондай-ақ ол Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін де атқарған.

Бұл тағайындау екі жылға жуық үзілістен кейін жүзеге асты – 2022 жылдан бері елші қызметі бос тұрған болатын. Алдыңғы елші Петр Врублевский Қазақстандық блогерге берген даулы сұхбатынан кейін Қазақстан СІМ ресми наразылық білдірген соң кері шақырылған еді.

Ұқсас жаңалықтар.