Шымкентте полицей жүріп бара жатқан көлікке секіріп мінген (ВИДЕО)

Шымкенттегі полиция қызметкерлері талапты елемей ереже бұзған жүргізушіні тоқтату үшін өмірін қатерге тіккен.

Шымкентте жасанды интеллектінің арқасында агрессивті жүргізуші анықталған. Бұны көрген полиция қызметкерлері оны көшеде тоқтатып, көліктен шығуын сұраған. Әуел баста тоқтаған кейіп танытқан жүргізуші полиция қызметкерлері жанына жақындай бергенде жүріп кеткен.

Жүргізушінің қашып бара жатқанын көрген полиция қызметкері ойланбастан көліктің капотына шығып алған.

«Билік өкіліне күш қолдану жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлайды полиция.

Ұқсас жаңалықтар.