ШҚО Қытайға жер беру туралы мәлімдеме жасады
ШҚО Қытайға жер беру мәселесіне байланысты ел арасында қызу пікір туындады. Алайда, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бұл ақпаратты теріске шығарып, ресми түсініктеме берді.
Құс фабрикасы салына ма?
ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукованың айтуынша, Үржар ауданындағы 300 гектар жер мемлекеттік резервтен шығарылған. Бұл аумақта құс фабрикасы салу жоспарланып отыр.
«Ауқымды жобаға қазақстандықтармен қатар шетелдік инвесторлар да қатыса алады. Бірақ жер сату немесе Қытайға беру туралы мәселе қарастырылмаған», – деді В.Барсукова.
40 мың гектар жер – мемлекет меншігінде
Жұрт арасында үлкен алаңдаушылық туғызған 40 000 гектар ауылшаруашылық жер бұрынғыша мемлекет меншігінде қалмақ. Бұл аумақта болашақ құс фабрикасы үшін жем-шөп қорын қамтамасыз ету мақсатында дәнді дақылдар егіледі.
Заң бойынша:
-
Бұл жерлер тек Қазақстан азаматтарына берілуі мүмкін;
-
Шетелдік жеке тұлғалар мен компанияларға жер сатылмайды;
-
Жер тек шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беріледі.
Әлеуметтік желідегі жалған ақпарат
Желіде тараған «ШҚО Қытайға 40 мың гектар жер береді» деген ақпаратты басқарма өкілдері жалған деп атады. Олар халықты тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.