Ресей С5+1 форматына неге қарсы?
"Бұл форматтың түпкі мақсаты - Ресей Федерациясының қатысуынсыз, Орталық Азиядағы оңтүстік елдерінің белсенділігін арттыру", - дейді Сергей Лавров.
Сергей Лавровтың пайымдауы бойынша, америкалықтар Орта Азия елдерін "Үлкен Орталық Азия" жобасына қосқысы келеді. Сол себепті де ол Орталық Азия мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты бұзуға бағытталған. Саясаткер жобаның мақсаты «оңтүстіктегі барлық істі Ресейді араластырмай, Орталық Азия елдерімен бірге жасауға» әкеліп саятынын айтып, аймақта бұл жобаны іске асыру әрекеті зиян тигізетінін ескертті.
Ресей Сыртқы істер министрлігі ОА елдерінің әртүрлі бағыттардағы әріптестігіне қарсы емес екенін, бірақ өзара келісімдерге зияны тимегенін қалайды.
Сергей Лавров Ресейдің ірі еуразиялық жобасы Еуразия құрлығын біріктіруге бағытталып, біртіндеп барлық елдерді өзара тиімді серіктестікке шақыратынын атап өтті.