Павлодарда жыртылған ту желбіреп тұр
15.04.2019
БАРЛЫҚ ЖАНАЛЫҚТАР
2
Павлодардағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы ту жыртық-жыртық күйінде ілініп тұрғанын павлодарлық журналист Есенбек Санатұлы өзінің facebook парақшасына жазады.
"Неткен жаман ырым.
Павлодардағы жалғыз даңғыл жақында "Тәуелсіздігінен" айырылып еді, енді даңғыл бойындағы мемлекеттік байрағымыздың дал-дұлы шығыпты. Тиісті органдар Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы туды қашан ауыстырар екен? Аяқ астынан Президент келіп қалып жүрсе..." -дейді журналист.

Еске салсақ үстіміздегі жылдың наурыз айында еліміздегі бірқатар қалалардағы негізгі көшелердің аттары өзгеріп, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің аты берілген. Солардың бірі Павлодардағы Тәуелсіздік даңғылы Н. Назарбаевтің атына өзгертілген еді.