Өткен тәулікте еліміз бойынша 10 автокөлік өртке оранған
20.09.2024
БАРЛЫҚ ЖАНАЛЫҚТАР
11
Өрт сөндірушілер өткен тәулікте 10 автокөліктің өртін сөндіргендерін мәлімдеді.
Олар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Қарағанды, Павлодар қалаларында орын алған.
ТЖМ күштерімен 5 жеңіл автомобиль мен 5 жүк көлігінің жануы сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Автокөлікті өрттен қорғау үшін:
- автокөлікті техникалық байқаудан уақытында өткізіңіз;
- электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз;
- жарамды өрт сөндіргішті әрқашан көлік салонында ұстаңыз.