Оралда 57 көшеге қазақша атау берілді
09.01.2019
БАРЛЫҚ ЖАНАЛЫҚТАР
2
Орал қаласындағы 57 көшеге қазақша атаулар берілді. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімі негізінде облыс орталығындағы төрт ықшам аудандағы елу жеті көше қазақшаланды.
«Астана» шағынауданы бойынша: №1 көшені – Қазыбек би көшесі; №2 көшені – Әйтеке би көшесі; №3 көшені – Төле би көшесі; «Жұлдыз» шағынауданы бойынша: № 4 көшені – Нұрғиса Тілендиев көшесі; № 6 көшені – Фариза Оңғарсынова көшесі; № 8 көшені – Ермек Серкебаев көшесі; № 13 көшені – Асқар Сүлейменов көшесі; № 23 көшені – Медеу көшесі; Орал қаласы бойынша: Верхняя көшесін – Шалқыма көшесі; Проселочная көшесін – Назерке көшесі; 1-ой садовый переулок көшесін – Ағыбай батыр көшесі; 2-й кольцевой переулок көшесін – Бұланты көшесі; 2-я молодежная көшесін – Балқаш көшесі; 26 бакинских комиссаров көшесін – Жидебай көшесі; Речная көшесін – Ертіс көшесі; Больничная көшесін – Ырысты көшесі; Вершигора көшесін – Халел Досмұхамедұлы көшесі; Заводская көшесін – Естай көшесі; Западная көшесін – Тұлпар көшесі; Заречная көшесін – Қызғалдақ көшесі; Зеленая көшесін – Маралды көшесі; Кирпичный З-Д КСМК көшесін – Бозай көшесі; Кольцевой тупик көшесін – Найзалы көшесі; Комарова көшесін – Сұңқар көшесі; Речной тупик көшесін – Серуен көшесі; Латышская көшесін – Талды көшесі; Лесная көшесін – Хақназар хан көшесі; Литейная көшесін – Сүйінбай жырау көшесі; Литейная площадь көшесін – Шарын көшесі; Лощинная көшесін – Толқын көшесі; Молодежная көшесін – Доспамбет жырау көшесі; Молодежная-1көшесін – Байқоңыр көшесі; Набережная көшесін – Ақжар көшесі; Овражная көшесін – Қырмызы көшесі; Охранная көшесін– Қоғалы көшесі; Первомайский проспект көшесін – Мамыр көшесі; Поселковая көшесін – Шиелі көшесі; Поселковый тупик көшесін – Сонар көшесі; Приречная көшесін – Сұлутөр көшесі; Пролетарская көшесін – Райымбек батыр көшесі; Промышленная көшесін – Көксай көшесі; Гурьевская көшесін – Тобыл көшесі; Федина көшесін – Торғай көшесі; Советская көшесін – Сұлтанбек Қожанов көшесі; Степная көшесін – Үстірт көшесі; Строителей көшесін – Алтынкөл көшесі; Строительная көшесін – Жақып Ақбаев көшесі; Ульяновская көшесін – Шортанбай ақын көшесі; Герцена көшесін – Шыңғыстау көшесі; Хорошкина көшесін – Мұхамеджан Сералин көшесі; Целинная көшесін – Сырымбет көшесі; Центральная көшесін – Жанқожа батыр көшесі; Электрическая көшесін – Қарқаралы көшесі; Южная көшесін – Көктерек көшесі; Белая казарма көшесін – Ақбақай көшесі; «Сарыарқа» шағынауданы бойынша: № 41 көшені – Бердібек Соқпақбаев көшесі; № 44 көшені – Шәмші Қалдаяқов көшесі.