"Мемлекет қайраткерлерімен қоштасудың мәдениеті қажет"
03.01.2020
БАРЛЫҚ ЖАНАЛЫҚТАР
2
Бүгін Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдинді ақтық сапарға шығарып салды. Марқұммен қоштасу - қаралы жиынға жоғарғы билікте жүрген лауазымды тұлғалардың ешбірі келмеген. Әлеуметтік желідегі қоғамдық-саяси белсенді азаматтар биліктің бұл әрекетін сынап, жазба жариялауды. Әбділдинді ақтық сапарға шығарып салуға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысқан. Төменде фейсбукте жарияланған кейбір жазбаларды беріп отырмыз.
Ерлан Саиров, саясаттанушы, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:
- "Өлі разы болмай, тірі байымас". Қазақтың ең терең философиялық құндылықтары. Мәңгіге кеткен мемлекет қайраткерлерімен қоштасудың мәдениеті қажет. Мемлекет дегеніміз институттар мен мемлекеттің саяси әдет- дәстүрі. Мемлекеттік институттар тек қана шешім қабылдап, саяси қадам жасамайды. Болашаққа үлгі болар саяси әдет- ғұрып қалыптастырады. Осынау саяси дәстүр халықты халық жасап, қоғам- ел табалдырығын қатайтып, жұртты уыстырады.
Саяси көзқарас пен идеологиялық бағыт-бағдардан тыс, жоғары жалпы ұлттық, халыққа ортақ рәсімдер өте қажет. Мемлекет осындай ортақ құндылықтар уығынан шаңырақ болып, бекіп- қатаяды...