Маңғыстауда экологияны бұзған компанияға 7,8 миллион теңге айыппұл салынды
19.08.2024
БАРЛЫҚ ЖАНАЛЫҚТАР
11
Табиғат қорғау прокуратурасымен талдау барысында экологиялық заңнаманың бұзу фактілері анықталды.
Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы «Жалғызтөбемұнай» ЖШС 2024 жылдың 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндіруді жүзеге асырған.
Прокурорлық қадағалау актісімен аталған мекеме Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Айыппұл сомасы 7,8 млн теңгені құрады.