Израиль Иранның ядролық нысандарына соққы жасады

Израильде "Rising Lion" («Түрлі арыстан») деген кодтық аты бар операция іске қосылып, 2025 жылғы 13 маусымда Тегеран мен Натанс ядролық обьектілеріне қарсы әуе‑соққы жасалды.

«Біз Иранның ядролық бағдарламасының өзегіне соққы жасадық. Біз уран байытудың негізгі нысаны – Натанс қаласын нысанаға алдық», – деді жұмаға қараған түні видеоүндеуінде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Оның айтуынша, сондай-ақ «баллистикалық зымырандар жасау объектілері» мен «ирандық ядролық ғалымдарға» да соққы жасалған.

Бұл жағдайға байланысты Иран тарапынан қарымта жауап болуы мүмкін деген қауіппен Израильде төтенше жағдай режимі енгізілді.

Өз кезегінде Иран да Израиль тарапынан жасалған шабуылды растады. Жергілікті БАҚ азаматтық нысандардың зақымданғанын және қаза тапқандардың бар екенін хабарлауда. Ресми Тегеран Израильге «ащы әрі ауыр» салдар болатынын ескертті.

Ұқсас жаңалықтар.