Иранда наразылығын нүкте арқылы білдірген блогер сотталды
03.09.2024
БАРЛЫҚ ЖАНАЛЫҚТАР
10
Иранда блогер Хоссейн Шанбехзаденің бір нүктеден тұратын твиттері рухани көсем Әли Хаменеидің жазбасынан да көп лайк жинағаны үшін 12 жылға сотталды.
Маусым айында Шанбехзаденің тұтқындалуына үнсіз наразылықтың символы болған нүкте себеп болды.
Ол «Израильді жақтады және режимге қарсы үгіт-насихат жүргізді», сондай-ақ «исламдық қасиетті орындарды қорлады» деп айыпталған.
Адвокат тағылған айыптардың ойдан шығарылғанын айтып, үкімге шағымданбақшы.