Ермахан Ибраимов: Әр балаға 20 мың теңгеден берілгенін қалаймын
27.02.2019
БАРЛЫҚ ЖАНАЛЫҚТАР
14
Астанада "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі өтіп жатыр. Съезге келген даңқты боксы Ермахан Ибраимов көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы туралы жеке пікір білдірді, - деп жазады sputniknews.kz.
"Менің жеке пікірім: көп балалы аналарға 16 мың теңге аз. Әр бала 20 мың теңгеден алғанын қалаймын. Егер отбасында бес бала болса - 100 мың теңге. Егер әкесі, анасы жұмыс істейтін болса, балалардың тәрбиесімен кім айналысады?" дейді бокшсы. Сондай-ақ, боксшы спортты дамытып, көп балалы отбасылардың балалары спорт секцияларына тегін немесе жеңілдікпен баратындай жағдай жасалса деген ойын да айтқан.