Бокстан Әлем чемпионаты: Аруларымыздың алғашқы қарсыластары кім?

Бокстан 9-16 наурыз аралығында Сербияның Ниш қаласында өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды.

48 келі. 21 қатысушы
1/8 финал

Назым Қызайбай - Николь Дурикова (Nicole Durikova)

2024 жылы мамыр айында Париж Олимпиадасының лицензиялық іріктеу кезеңінде кездесіп, Назым жеңіске жеткен.

50 келі. 23 қатысушы
1/16 финал

Алуа Балқыбекова - Кристин Онгаре (Christine Ongare)

52 келі. 22 қатысушы
1/16 финал

Анита Адишева - Итцель Патино Хуарес (Itzel Patiño Juárez)

54 келі. 29 қатысушы
1/16 финал

Жайна Шекербекова - Кели Бесерра Монтесинос (Kely Becerra Montesinos)

57 келі. 30 қатысушы
1/8 финал

Карина Ибрагимова - Колумбия немесе Пуэрто-Рико өкілінің қай жеңгенімен шығады.

Париж Олимпиадасында Карина 1/8 финалда Ашлейн Лозадаға (Ashleigh Lozada, Пуэрто-Рико) есе жіберген болатын.

60 келі. 19 қатысушы
1/8 финал

Виктория Графеева - София Легаки (Sofia Legaki)

63 келі. 22 қатысушы
1/8 финал

Аида Әбікеева - Қытай немесе Словакия өкілінің жеңгенімен жұдырықтасады.

66 келі. 14 қатысушы
1/8 финал

Жасмин Қизатова - Ивануза Морейра (Ivanusa Moreira) – Париж Олимпиадасының қатысушысы

70 келі. 17 қатысушы
1/8 финал

Наталья Богданова - Лейре Мас Мартинес (Leire Mas Martínez)

75 келі. 14 қатысушы
1/8 финал

Надежда Рябец - Мари Корома (Marie Koroma, Сьерра-Леоне)

81 келі. 13 қатысушы
1/8 финал

Гүлсая Ержан - Ян Ли (Yang Li)

+81 келі. 11 қатысушы
1/8 финал

Елдана Талипова - Олтиной Сотимбаева (Oltinoy Sotimbayeva)

2024 жылы Азия чемпионатының финалында кездесіп, жерлесіміз жеңген.

Фото: Getty Images

Ұқсас жаңалықтар.