Білім және ғылым вице-министрінің үстінен іс қозғалды
05.06.2019
БАРЛЫҚ ЖАНАЛЫҚТАР
3
Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның үстінен іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды informburo.kz
"Білім және ғылым вице-министрі үстінен сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз" депті мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова орынбасарына қатысты пікір білдіруден бас тартқан.
Эльмира Суханбердиева 2016 жылдан бері білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ол Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасын басқарған.