Бекзат төрт дүркін әлем чемпионын жеңді (видео)
21.09.2019
БАРЛЫҚ ЖАНАЛЫҚТАР
3
Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан өткен әлем чемпионатында 22 жастағы қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов әлемнің төрт дүркін чемпионы кубалық Хулио Ла Крусты жеңіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sports.kz.
[embed]https://youtu.be/iDKKj2EoSGE[/embed]
Екатеринбург қаласында бокстан әлем біріншілігінде жартылай финалдық жекпе-жектер өтті.
81 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін 22 жастағы Бекзат Нұрдәулетов Олимпиада чемпионы және әлемнің төрт дүркін чемпионы Хулио Ла Круспен жұдырықтасты. Қос боксшының жекпе-жегі өте тартысты өтті. Тіпті, қазақстандық боксшының дөп тигізген жойқын соққысынан кубалықтың аузындағы капасы ұшып кетті.