Қазақстанның Бас прокуроры ауысты

Ғизат Нұрдәулетов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды. "Қайрат Пернешұлы Қожамжаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметінен босатылды"; "Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалсын", деп хабарланған Ақорданың ресми сайты. Еске салсақ, Ғизат  Нұрдәулетов ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.

Ұқсас жаңалықтар.