Атырауда оқушы қыз өзіне қол жұмсады
17.09.2024
БАРЛЫҚ ЖАНАЛЫҚТАР
6
Атырауда сегізінші сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Қайғылы оқиға 10 қыркүйекте болған, қыз өз пәтерінде суицид жасаған.
Алдын ала болжам бойынша, оқушы қыз буллингтің кесірінен осындай қадамға барған.
«Қорытынды жасауға әлі ерте», - дейді марқұм оқыған мектеп басшылығы.
Полицейлер өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.