Астананың Нұрсұлтан қаласы болып өзгеруін парламент депутаттары бір ауыздан қолдады
20.03.2019
БАРЛЫҚ ЖАНАЛЫҚТАР
12
Парламент депутаттары Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту жөніндегі заңды бір ауыздан мақұлдады. Заңға сенаттың 43 депутаты, мәжілістегі 103 депутаттың 103 - де қолдап дауыс берді.
Бүгін қызметіне кіріскен президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың есіміне мәңгі есте қалдыру мақсатында Астана қаласының атын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсыныс айтқан болатын.