Алматыдағы марафонға 17 мың адам қатысып жатыр

Алматыда сегізінші рет "Алматы Марафон" спорт қайырымдылық шарасы өтіп жатыр. Марафонға 17 мың адам қатысуда.

Бірінші болып 3 шақырым қашықтыққа балалар жүгірді. Одан кейін 42 және 21 шақырым қашықтыққа жүгіріс басталды. Осы қашықтықта жүгірген жеңімпаздарға ақшалай сыйлық беріледі.


1 орын (42 шақырым) - 400 мың теңге;
1 орын (21 шақырым) - 250 мың теңге;
2 орын (42 шақырым) - 300 мың теңге;
2 орын (21 шақырым) - 150 мың теңге;
3 орын (42 шақырым) - 250 мың теңге;
3 орын (21 шақырым) - 120 мың теңге.

Бұдан бұрын "Алматы Марафона-2019" спорт шарасына 53 елден 17 мың спортшы қатысады деп хабарланған.

Ұқсас жаңалықтар.