Алматыда «Еуразия» кинофестивалі өтеді
18.11.2024
БАРЛЫҚ ЖАНАЛЫҚТАР
17
Осы жылдың 24-30 қараша аралығында Алматыда Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді.
«Еуразия» дәстүр бойынша әлемдік және отандық киноның өзекті трендтерін көрсететін жарқын және маңызды туындыларды жинайды.
Фестиваль аясында көрермендер тәжірибелі шеберлердің жұмыстарын, дебюттік фильмдерді тамашалап, сала мамандарымен тілдесіп, киноөнерінің дамуы мен болашағын талқылай алады.