Алматыда 12 желтоқсанда «Астана» – «Челси» матчының өтуіне байланысты қозғалыс шектеледі
12.12.2024
БАРЛЫҚ ЖАНАЛЫҚТАР
6
Бүгін 12 желтоқсан күні өтетін «Астана» – «Челси» футбол матчы аясында стадион маңындағы көшелерде көлік қозғалысы шектеледі.
Шектеу уақыты:
18:30-дан 00:00-ге дейін.
Жабылатын учаскелер:
- Абай даңғылы: Байтұрсынов көшесінен Мұқанов көшесіне дейін.
- Сәтбаев көшесі: Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін толықтай жабылады.
Патрульдеу:
- Жақын маңдағы көшелерде патрульдік полиция нарядтары қойылады.
«Құрметті автокөлік жүргізушілері мен қала тұрғындары! Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін рахмет!», - делінген қала әкімдігі таратқан мәліметте.