Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшысы бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр

04.02.2020 Әлем
6

Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшысы бюджет қаражатын жымқырып келген. 1 ақпанында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен "Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол көрсетілмеген қызмет үшін жеке кәсіпкерлік арқылы жүйелі түрде қаржыны аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға ауыстыру арқылы, сондай-ақ іс жүзінде жұмыс істемеген тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу және төлеу арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. Ағымдағы жылдың 1 ақпанында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Күдіктінің кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды. Дереккөз:baq.kz