Заң жобасы: Жала жапқан адам 15 тәулікке қамалады
Былтыры маусым айында өткен президент сайлауынан кейін демократмялық процестерді жеделдететін кейбір заңдарды өзгерту ұсынылып, ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылған еді. Кеңес отырыстарында әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне өзгертулер енгізу де талқыланған.«73-3-бап. Жала жабу 1. Жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату, – жеке тұлғаға жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға, лауазымды адамға бес жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға әкеп соғады. 2. Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет, – жеке тұлғаға жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға, лауазымды адамға алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер, – жеке тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға, лауазымды адамға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға әкеп соғады.»; 4) 684-баптың бірінші бөлігі «73,» цифрлардан кейін «73-3,» цифрлармен толықтырылсын; 5) 804-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «73-2,» цифрлардан кейін «73-3,» цифрлармен толықтырылсын" делінген заң жобасында.