ҰҚК: Сарбаз өліміне отбасы және тұрмыстық мәселе себеп болған

04.06.2022 Әлем
5
Маңғыстау облысында әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздың өліміне қатысты ҰҚК ақпарат таратты.

19 жастағы сарбаз Еділ Тешебаевтың Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде жүріп суицид жасағаны туралы хабар тараған еді. Алайда туыстары сарбаздың суицид жасағанына сенбейді. Әлеуметтік желіде Бегабат Ұзақов есімді қолданушы:

"Бүгін таңғы сағат бес шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген Еділ Бақытұлы Тешебаев (20.03.2003) асылып қалғаны хабарланды. Бір қызығы, әскерилер туыстарына екі түрлі хабар айтқан, – деп жазған еді.

Сондай-ақ президент Тоқаев жиілеп кеткен сарбаздар өліміне ерекше назар аударып, арнайы комиссия құруды тапсырды.

Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды. Осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланатын болады" деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.