Украина-Ресей келіссөзі басталды

28.02.2022 Әлем
5
Белоруссия мен Ураина шекарасы маңында Украина-Ресей келіссөздері басталды. Келіссөз тікелей эфирде өткелі жатыр. https://youtu.be/vBCSsZsvW_8 Келіссөзге Ресей тарапынан Ресейдің Беларуссиядағы елшісі Борис Грызлов, депутат Леонид Слуцкий, Ресей СІМ орынбасары Андрей Руденко, Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин, Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский қатысып жатыр. Ал Украина тарапынан «Слуга Народа» партиясының депутаты Давид Арахамия, Украина қорғаныс министрі Алексей Резников, Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Михаил Подоляк,  халық депутаты Рустем Умеров және Украина СІМ орынбасары Николай Точицкий. Суретте: келіссөздер өтіп жатқан ғимарат, Reuter