Twitter барлық саяси жарнамаға тыйым салады

31.10.2019 Әлем
6

Туиттер әлеуметтік желісі бүткіл әлемдегі өз қолданушыларына саяси жарнама жасауға тыйым салады.

«Интернет-жарнама коммерциялық жарнама берушілер үшін өте күшті және эффективті  болғанына қарамастан, билік үшін саяси тәуекелі тым жоғары», - деп жазады компания бас директоры Джек Дорси. Аталған әлеуметтік желінің бәсекелесі Facebook-те жақында саяси жарнама жасауға тыйым салған болатын.