Трамп өзіне Нобель сыйлығы берілмегеніне шағымданды

24.09.2019 Әлем
6
АҚШ президенті Дональд Трамп Нобель сыйлығын тағайындайтын комиссия әділетсіз екенін айтты деп хабарлайды politico.com сайты. Пәкістан премьер-министрі Имран Ханмен өткен екіжақты брифингте журналистердің бірінің:
  • "Кашмир мәселесіне байланысты Үндістан мен Пәкістан арасындағы дау-дамайда АҚШ президенті жақсы дәнекерлік жасағаны үшін Нобель Бейбітшілік сыйлығын алуына болушы еді",-деген сөзіне Трамп:
  • "Нобель сыйлығын әділетті түрде берген болса, мен көп нәрсеге байланысты алуыма болушы еді, бірақ олар ондай емес", – деп мәлімдеді Дональд Трамп журналистің сұрағына жауап беру кезінде.
Трамп мысалға АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманы келтірді:
  • "Обама президент бола салысымен сыйлықты қолына ұстатты. Оның өзі не үшін Нобель сыйлығын алғанын түсінген жоқ", – деген Трамп өзінің де Обамаға не үшін Нобель сыйлығы берілгенін түсінбегенін айтты.
Барак Обама Нобелдің Бейбітшілік сыйлығын 2009 жылы президент болып сайланғаннан 9 ай өткенде алды. Оған "халықаралық дипломатияны нығайтқаны үшін" және ядролық қаруды таратпауға үндегені үшін берілді.