Трамп ауған әскері ақша үшін ғана соғысып келгенін айтты
18.08.2021
Әлем
5
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Тәліптердің шабуылында ауған армиясының тек ақша үшін соғысқанын айтты.
Трамптың айтуынша, ауғандық әскерлер америкалықтар ақша төлеп тұрған кезде ғана тәліптерге қарсы күрескен. Америка қаражат төлеуден бас тартқанда, ауған әскері кері шегініпті.АҚШ-тың экс-президенті американдықтардың Ауғанстандағы әскери техниканы жоймай тастап кеткеніне шағымданды.
"Миллиардтаған долларлар кетті. Әлемдегі ең жаңа Black Hawk тікұшақтары қалып қалды. Оны енді Ресей, Қытай және басқалары зерттейтін болады", – деді Трамп.Сонымен қатар Ауғанстаннан көптеген американдықтардың көшірілуі күтілетінін айтты. Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда "Талибан" қозғалысы Ауғанстанды толық басып алғанын жариялады. Президент Ашраф Гани елден қашып кетті. Бұған дейін 70-ке жуық мемлекет ауған халқына көмектесуге дайын екендіктерін мәлімдеген. АҚШ Тәжікстаннан, Қазақстаннан және Өзбекстаннан американдықтарға көмектескен тоғыз мыңға жуық ауғандықтарды уақытша орналастыруды сұрағанын хабарлаған болатын.