Тоқаев ТМД елдерінің алдында Ресейдің мақтауын асырды

16.10.2021 Әлем
5

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері арасында вакциналау паспортын мойындау ісін жеделдетуге шақырды және ынтымақтастықтың үлгісін көрсеткен Ресейді ерекше атады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда отандық вакцинаны өндіру бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Сонымен қатар QazVac вакцинасының өзге елдерге гуманитарлық көмек ретінде жөнелтілгенін атап өтті.

Президенттің сөзінше, қазақстандық QazVac вакцинасы жоғары тиімділікті көрсетті. Тағы бір отандық препарат сынақтан өткізіліп жатыр. Үш вакцина клиникалық сынаққа дейінгі кезеңде. Сонымен қатар Қазақстан ресейлік Спутник V вакцинасын өндіреді.

"Сіздердің елдеріңіз де бұл салада белсенді жұмыс атқарып жатқаныны білемін. Қазақстан тәжірибе алмасуға, әріптестікке және вакцина жеткізуге де дайын. Сонымен қатар ТМД елдері арасында вакциналау паспортын өзара мойындау ісін жеделдетуді ұсынамын", – деді президент.

Қазақстан 13 елдің вакцина паспортын мойындады. Олардың қатарында – Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран, Армения, Беларусь, Молдова, Сан-Марино, Қырғызстан, Монғолия, Таиланд, Түркия және Эстония бар.