Тоқаев: Ресейде қазақ мектептерін ашуға мүдделіміз
08.11.2023
Әлем
6
Ресейдің Қазақстанмен шекаралас, қандастарымыз көп тұратын облыстарында мектептер ашуға мүдделіміз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Известия» газетіне берген сұқбатында осылай деді.
Соның нәтижесінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында МИФИ филиалы, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің филиалы ашылды. Келесі жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жанынан Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-техникалық университетінің филиалын ашу жоспарланып отыр.
Халықтарымыздың тарихи және мәдени жақындығын ескерсек, орта білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге екі тараптың да қызығушылығы бар. Қазақстанның оңтүстік облыстарында Қазақстан-Ресей бірлескен білім беру мекемелерін ашу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл ретте біз Ресейдің Қазақстанмен шекаралас, қандастарымыз көп тұратын облыстарында осындай мектептер ашуға мүдделіміз – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Arasha.kz
ФОТО: qmonitor.kz