Тапшы дәрі-дәрмектерді қымбатқа сатқан 21 адам ұсталды

06.07.2020 Әлем
7
фото: polisia.kz Коронавирус өршіп, көптеген дәрі-дәрмек тапшылығы туындағанда дәрілерді қымбатқа саудалаған 21 адам ұсталды. Олар ішкі істер министрлігі жүргізген арнайы рейд барысында құрықталған. Рейдтің бірінші күні полицияға барлығы 21 адам жеткізілді, олардан 3500-ден астам дәрілік заттар тәркіленді, оның ішінде “Ацетилсалицил қышқылы” – 2100 орам, “Парацетамол” – 589 орам, “Цефтриаксон” – 230 ампула, сондай-ақ 17 800 медициналық маска, бір рет қолданылатын 60 қолғап, 105 қорғаныс халаты (комбинезондар), 80 қорғаныс көзілдірігі, 79 термометр және 100-ден астам антисептикалық құралдар (300 литр) бар.