Талибан үкіметінің уақытша құрамы жарияланды

08.09.2021 Әлем
5

Ауғанстан үкімет құрамын жариялады. Мохаммад Хасан Ахун үкімет басшысы ретінде таныстырылды.

Талибан үкіметтің (ҚР-да террористік қозғалысқа тыйым салынған) жарияланған құрамы уақытша деп мәлімделді. Бұл туралы РИА Новости жазды. Талибан үкіметіндегі негізгі құрамы мынадай:  СІМ басшысы – Әмір Хан Муттаки, Қорғаныс министрлігінің басшысы – Талибан лидері мулла Якуб, ІІМ басшысы – Саражуддин (Халифа) Хаккани, босқындар министрі –  Халил Хаккани, барлау басшысы – Абдул Хак Васик, экономика министрлігінің басшысы – Мохаммад Ханиф, Қаржы министрі – Хедаятулла Бадри, Орталық банк басшысы – Мухаммад Идрис. Сондай-ақ "Талибан" саяси Кеңсесінің Басшысы мулла Барадар вице-премьер болғаны белгілі болды.