"Талибан" қозғалысын террористік ұйым қатарынан шығаруды сұраған Ресей ұсынысына Қазақстан үнсіз

27.10.2021 Әлем
5
Ресейдің "Талибан" қозғалысын террористік ұйымдар қатарынан шығару жайлы ұсынысына қатысты Қазақстан билігі пікір білдіре алмай отыр. Қазақстанның халықаралық мәселелер бойынша арнайы өкіл Мұхтар Тілеубер көрші елдің ұсынысына қатысты ештеңе айтпады.
Мұхтар Тілеубердің айтуынша, тәліптер қазақстандық вакцинаға қызығушылық танытып отыр.

хабарлады.

Отандық вакцина жіберілетін жағдайда оның мерзімі мен көлемін үкімет бекітеді. 
Ведомство басшысы Азия мемлекеттеріне көрші елдерге көмек көрсету маңызды екенін айтты. Бұл есірткі трафигін азайтуға, діни экстремизм мен босқындар ағымын тоқтатуға септігін тигізеді дейді. Алайда Ауғанстанның қазіргі билігі Халықаралық одақтастықпен мойындалмаған.