Шри-Ланкадағы теракттан қаза тапқандар саны 321-ге жетті

23.04.2019 Әлем
5

Шри-Ланкада бірнеше терактілер салдарынан қаза болғандардың саны 321-ге жетті. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарының министрі Руван Виджевардане сейсенбі күні республикалық парламентте сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Newsfirst жаңалықтар порталы.

Терактта 521 адам жарақат алып, оның 375-і медициналық мекемелерге жеткізілген.

Шри-Ланканың Экс-Президенті Махинда Раджапакс: "Шри-Ланка Үкіметтің барлау қызметкерлерін қудалаумен айналысуына байланысты террористер үшін жеңіл нысанаға айналды. Бұл Үкімет ұлттық қауіпсіздік барлау қызметтері үшін маңызды емес екенін әрдайым дәлелдеп келеді" ,-деді ол.