Шекара заставасындағы былықта Болат Назарбаевтың қызының есімі аталды
13.12.2023
Әлем
5
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған депутаттық сауалында шекара заставасындағы мәселені көтерді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты жазды.
Айдос Сарым келтірген ақпаратқа сәйкес, биылғы 1 қазанда "TOLAGAI-2050" ЖШС тек 13 960 млн теңгені игерген, бұл шарттың жалпы сомасының 35%-ы игерілді деген сөз.
"Осы нысандар бойынша "TOLAGAI-2050" ЖШС шартты орындау мерзімін тағы 9 айға ұзартуды сұрайды, бұл жобаның айтарлықтай қымбаттауына алып келуі мүмкін. "TOLAGAI-2050" ЖШС компаниясының атауы Алматы қаласы мен Павлодар облысындағы суару желілерін реконструкциялау, Сайрам су қоймасындағы механикалық тазарту және т.б. жобалар бойынша жаңалықтарда бірнеше рет сынға ұшыраған компания болып көрсетілді. Компания 80-нен астам азаматтық және әкімшілік сот тергеп-тексеруіне қатысты, оның 10-нан астамы 2023 жылы өтті, оның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімінде міндетін адал орындамаушы деп танылды", - деп жалғастырды ол.Мәжілісменнің сөзінше, 2022 жылғы 3 ақпанға дейін осы компанияның құрылтайшылар тізімінде марқұм Болат Назарбаевтың қызы Ақбота Назарбаева болған.Депутат Айдос Сарым "TOLAGAI-2050" компаниясына қатысты тергеп-тексеру жүргізуді сұрап отыр."Шекара заставаларын салу елдің аумақтық қорғанысын қамтамасыз етудің негізгі бөліктерінің бірі болып табылатынын ерекше атап айтамыз. Құрылыс мерзімдерінің бұзылуы елдің аумақтық тұтастығын бұзу, есірткі тасымалы мен басқа да тыйым салынған өнімдердің заңсыз айналымы, жеке тұлғалардың Қазақстан аумағына заңсыз көшіп-қону қаупінің артуына алып келуі мүмкін", - деді халық қалаулысы.