Әрмения атысты тоқтату үшін келіссөзге дайын

02.10.2020 Әлем
9
Егер ОБСЕ-нің Минск тобындағы елдер бітімгер болса Әрмения Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату үшін келіссөз жүргізуге дайын. Бұл жайында Әрменияның сыртқы істер министрлігі өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. «Әрмения қақтығысты реттеуде бейбіт жолды ұстанады. Таулы Қарабаққа қарсы агрессияға біз батыл жауап береміз. Біз 1994-1995 жылдардағы келісімнің негізінде ұрысты тоқтатуға ОБСЕ-нің Минск тобындағы тең төрағалы елдердің қатарына қосылуға әзірміз»,-делінген постта.