Ресейдің Еуроодақпен байланысы жақсарған жоқ

10.02.2021 Әлем
5
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде Еуроодақтың бас дипломаты Жозеп Боррельмен кездесіп, ЕО мен Ресейдің қарым-қатынасы туралы айтты.   Келіссөздер қорытындысы бойынша Ресей сыртқы істер министрлігінің басшысы екі тараптың да диалогты жалғастыруға мүдделі екенін білдіргенін мәлімдеді, сонымен бірге қарым-қатынастың одан әрі нашарлауы келеңсіз және болжап болмайтын салдарларға алып келетінін атап өтті, деп хабарлайды Спутник Қазақстан. https://www.youtube.com/watch?v=pV3lKFJ5Yjw&feature=emb_logo "Екі тарап та диалог арналарын сақтауға және кеңейтуге, соның ішінде біздің ұстанымдарымыз бір-біріне қайшы келетін мәселелерге мүдделі екенін растады. Мұндай мәселелер өте көп. Біз екі жаққа да қызықты әрі пайдалы болатындай прагматикалық ынтымақтастық орнатуға дайын екенімізді атап өттік", - деді Лавров. "Біздің байланысымыздың одан әрі нашарлауы келеңсіз және күтпеген салдарларға алып келеді деген ортақ пікірге келдік", - деп толықтырды сыртқы істер министрі.