Ресей экономикасы күніне 100 млрд рубль жоғалтып жатыр
24.04.2020
Әлем
5
фото: Глеб Щелкунов / "Коммерсантъ"
Коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген шектеулердің кесірінен Ресей экономикасы күніне 100 млрд-қа жуық рубль жоғалтып жатыр. Бұл туралы Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Решетников (суретте) "Россия 1" телеарнасының эфирінде айтқан.
"Федеральды бюджеттің тапшылығы 5%, 4,5-5% шамасында болады. Қазіргі жағдайда ІЖӨ азайып, бүкіл ел бойынша күніне 100 миллиард рубль жоғалтып жатырмыз. Бұл өте үлкен шығын" депті Решетников.