Қытай: Коронавирусты АҚШ әскерилері таратқан болуы мүмкін

13.03.2020 Әлем
6
Қытайдың сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь COVID-19 коронавирусын Американың әскерилері әкелген болуы мүмкін деп мәлімдеді. Ол АҚШ-тың аурудың алдын алу және бақылау орталығының (CDC) басшысы Роберт Редфилдтің АҚШ конгресі өкілдері палатасындағы тыңдауларда айтқан мәлімдемесіне осылай пікір білдірді.  Редфилд АҚШ-та бас кезінде тұмау деп диагноз қойылған пациентті хирургиялық жолмен ашу кезінде ғана коронавирус анықталған жағдайлар болды деп айтқан еді. «АҚШ-та қашан «нөлдік» пациент пайда болды? Қанша адам инфекцияға шалдыққан? Қай ауруханада? Уханьға АҚШ әскерилері әкелген болуы әбден мүмкін. Ашық айтыңыздар! Деректерді шығарыңыздар! АҚШ бізге бәрін түсіндіруі керек!» — деп жазды Лицзянь өзінің Twitter парақшасында.