Қырғызстан президенті наурызда Қазақстанға келеді

28.02.2021 Әлем
5
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров наурыз айының басында Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Arasha.kz. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігі Telegram парақшасы арқылы хабарлады. 2021 жылғы 2-3 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ мемлекеттік сапар мәртебесіне сәйкес протоколдық іс-шаралар жоспарланған.  Сонымен қатар Қырғыз Республикасының президенті Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізеді. Айта кетейік, президент сайлауында жеңіске жеткен Садыр Жапаров Қырғыз Республикасының тұрақты әрі байыпты дамуға бағытталған ұмтылысын үнемі қолдап келе жатқан Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқына алғыс айтты.