"Қырғыз халқының үмітін ақтамадым": Ақаев кешірім сұрады
09.08.2021
Әлем
5
Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев "Құмтөр" жобасын іске асыру кезінде жіберген қателіктері үшін халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Arasha.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстан басылымына сілтеме жасап.
Бұрынғы президенттің айтуынша, 1992 жылы "Құмтөр" бойынша келісімге қол қойылған күннен бастап қырғыз тарапы ұлттық мүдделерді ысырып қойып, көп жеңілдік жасаған. "Мен жіберген қателерім үшін шын жүректен кешірім сұраймын. "Құмтөр" жобасы бойынша қырғыз халқының үмітін ақтамадым. Үкімет тарапынан тиісті бақылаудың жоғы канадалық инвесторларға кенішті толық бақылауға алуға мүмкіндік берді. Бұл оларға зор пайда әкелгенімен, Қырғызстан үшін мардымсыз дивидендтер мен экологиялық проблемалардың жылдан жылға өсуіне әкелді", – деді Ақаев.- Айта кетсек, бұған дейін Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке ұшып келгенін айтқан болатынбыз.