Ешкім биліктен басқаша ойлағаны үшін қудаланбауы тиіс
31.08.2023
Әлем
10
20 жыл бұрын маған қатысты қозғалған қылмыстық істердің жақында қайта қозғалуына байланысты сұрақтар көп болды, - деп жазады Ғалымжан Жақиянов.
Ол мәселенің құқықтық жағы анықталмағанша пікір білдіргісі келмегенін айтады.
Ол бұл бопсалауларына көнбей, КНБ-мен «қызметтесуден» үзілді-кесілді бас тартқаннан соң қылмыстық істер қозғалғанын айтты.
Ұзын саны 10-ға жуық, нақты қанша екенін тергеушілердің өздері де білмеді. Тегі, айыптаулардың заңдылық сапасы өте төмен болғандықтан, бұлар істердің санын көбейткен тәрізді. Алайда, бірнеше тергеу әрекеттерінен кейін қылмыстық қудалау нәтиже бермейтініне және мені саяси өкіндіруден ештеңе шықпайтынына КНБ-ның ғана емес, ел басшылығының да көзі жетті. Амал қалмаған соң, билік мені түрмеден шығаруға мәжбүр болды. Осылайша, 2006 жылы сот шешімімен мен шартты түрде мерзімінен бұрын (УДО-мен) босатылдым – дейді Ғалымжан Жақиянов.Оның айтуына қарағанда, содан бері қозғалған қылмыстық істердің материалдары саяси қудалау «конторасында» жатады.Алайда Ғалымжан Жақиянов ол істердің жабылуымен ғана әділет толық орнайды деп есептемейтінін айтты.
Сол заңсыз әрекетке қатысы болған лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту жайында заңгерлермен кеңесіп отырмын. Мен оны кек алу мақсатымен жасап отырған жоқпын. Шын мәнісінде, маған және басқа да саяси қуғынға ұшыраған адамдарға қарсы ашылған осындай жалған істер биліктің ең басында ұйымдасқан қылмыстық топ қалыптасқанын көрсетеді. Сондықтан, ең маңыздысы, осының барлығы өзгелерге сабақ болуы тиіс. Бұдан былай қылмыстық істі ойдан шығаратындар, әсіресе, мұндайды жасауға бұйрық беретіндер ерте ме, кеш пе жауапқа тартылатынын білуі керек. Қазақстанда ешкім биліктен басқаша ойлағаны үшін және бейбіт саяси күресі үшін қудаланбауы керек – дейді ол.Arasha.kz
ФОТО: Youtube