Қазақстан Ресейдің арандатушы таңбаларына шектеу қояды
07.08.2023
Әлем
8
«Z», «V», «Ресей армиясы», «Сыпайы адамдар», «Вагнер тобы» әскери нышандарына Қазақстанда тыйым салынбақ, деп хабарлайды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Атап өтілгендей, бүгінгі күні мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қатысуымен сауда желілері («Шығыс Түркістан», «Күрд жұмысшы партиясы», «Вагнер» тобы) арқылы этносаясиландырылған белгілер мен таңбалардың таралуына жол бермеу үшін құқықтық негіз әзірлеуде.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы аумағында таратуға және пайдалануға тыйым салынған этносаясиландырылған белгілерді/өнімдерді сатуға тыйым салуды заң нормасына енгізу мәселесін мемлекеттік бақылауды уәкілетті органға тапсыру арқылы қарауды ұсынады. Осыған орай, тиісті түзетулер қабылданғанға дейін, қарулы қақтығыстарда соғысушы тараптар пайдаланған рәміздерді таратқаны үшін кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартудың алдын алу мақсатында Абай аудандық Кәсіпкерлер палатасы қалалық прокуратурамен бірлесіп, учаскелік полиция инспекторлары арқылы этносаясиландырылған белгілер мен таңбаларды сауда желілері арқылы таратуға жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді - делінген хабарламада.Ақпаратқа сәйкес ұсыныстар: - сатылымнан баспа қағазын, ойыншық бұйымдарын, кәдесыйларды, сондай-ақ этносаяси бағыттағы басқа да тұтыну тауарларын алып тастау; - сауда алаңдары иелері айына кемінде бір рет жалға алушылар өткізетін өнімдерге көзбен шолу ж9мыстарын жүргізеді.Arasha.kz
ФОТО: Shutterstock